Тамақтану сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізу
2026 жылғы 1 маусым күні Д. Қонаев атындағы ЖББОМГ асханасында тамақтану сапасына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Комиссия мүшелері, мектеп жанындағы «Айналайын» жазғы сауықтыру лагеріне қатысушы оқушыларға ұсынылған тағамдардың сапасына тексеру жүргізді. Білім бөлімінің 30.04.2026 жылғы бұйрығы негізінде келген ас мәзірімен сәйкес екендігі анықталды. Асхананы тексеру барысында тамақ өнімдерінің сапасына, тамақтарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзіміне, мектеп асханасының талапқа сай жүргізілуі тексерілді. Тексеру нәтижесінде тағамдардың санитарлық талаптарға сай екені анықталды. Асханадағы тамақтану сапасы жақсы деп бағаланды.”

Қазақша
Русский