«ЗЕРДЕ» – ІЗДЕНІС ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЛАҢЫ!

✨ «ЗЕРДЕ» – ІЗДЕНІС ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЛАҢЫ! 💡
📚📚📚
Бүгін мектебімізде оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденістерін қолдау және тың идеяларын жүзеге асыру мақсатында мектепішілік «Зерде» жобалар байқауы өткізілді. 
 
🌟 🌟🌟🌟
Байқау барысында жас зерттеушілер өз жобаларын таныстырып, тың идеялары мен зерттеу нәтижелерін ортаға салды. Әрбір жоба — ізденістің жемісі, жаңашыл ойдың көрінісі және үлкен жетістіктерге бастар алғашқы қадам!
 
👏 👏👏
Жас зерттеушілерге белсенділіктері мен ізденістері үшін алғыс білдіреміз! Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, жаңа жаңалықтар мен толағай табыстар тілейміз!
 
💫 💫💫💫
Бүгінгі ізденіс — ертеңгі жаңалық!
 
Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
 
✨ «ЗЕРДЕ» – ЖЕҢІСКЕ БАСТАР ЖОЛ! ✨