Жазғы демалыс – жанға куат

     Оқушылар «Айгөлек» ойын алаңында  күндерін керемет өткізуде.  «Алақай» театрында қойылым тамашалап, ерекше әсер алды. Театрлық қойылым балалардың эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етті. Кейіннен «Қызықты эстафета» жарысы өткізіліп, оқушылар жылдамдықтарын, ептіліктерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

     Сонымен қатар   оқушылар «Скайпарк» ойын-сауық орталығына саяхат жасады. Балалар әртүрлі ойын құрылғыларында ойнап, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қадағаланды. Күн соңында «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізіліп, жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.