🔸Бүгін мектебімізде педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
🔸Бүгін мектебімізде педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында «педагог-модератор» біліктілік санатына өтініш білдірген педагогтердің портфолиосы таныстырылып, олардың кәсіби жетістіктері, педагогикалық қызметінің нәтижелері мен тәжірибелері қарастырылды.
Комиссия мүшелері ұсынылған материалдарды зерделеп, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктеріне баға берді.
📊Аттестаттау – педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының маңызды кезеңдерінің бірі.
✨Әріптестерімізге аттестаттау рәсіміне сәттілік тілей отырып, кәсіби дамуда жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!


Қазақша
Русский