🔸Бүгін мектебімізде педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

🔸Бүгін мектебімізде педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында «педагог-модератор» біліктілік санатына өтініш білдірген педагогтердің портфолиосы таныстырылып, олардың кәсіби жетістіктері, педагогикалық қызметінің нәтижелері мен тәжірибелері қарастырылды.

Комиссия мүшелері ұсынылған материалдарды зерделеп, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктеріне баға берді.

📊Аттестаттау – педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының маңызды кезеңдерінің бірі.

✨Әріптестерімізге аттестаттау рәсіміне сәттілік тілей отырып,  кәсіби дамуда жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!