"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Бала үшін отбасы – бұл ол өмір сүретін және ең бастысы, дамитын қолайлы қоректік орта. Отбасының бүкіл өмірі – бұл өз логикасымен өтетін энергияны түрлендіретін процесс. 

Бала үшін отбасы – бұл ол өмір сүретін және ең бастысы, дамитын қолайлы қоректік орта. Отбасының бүкіл өмірі – бұл өз логикасымен өтетін энергияны түрлендіретін процесс. 

Ø         Ақша.. Ақша…Ақша… Осы сөз отбасында белең алған дерттің бастамасы деп білеміз… Қазіргі қоғамдағы отбасы функциялары бірнеше түрге бөлінеді: Экономикалық (өмір сүру үшін ақша табу, шоттарды төлеу, жинақ жинау және т.б.)

Ø         Үй шаруашылығы (денсаулықты сақтау (тамақ сатып алу, дайындау, үйді тазалау, дәрігерлерге бару және т.б.))

Ø         Коммуникативті және отбасылық демалыс (хобби, бүкіл отбасы үшін және оның жеке мүшелері үшін бос уақыт)

Ø         Әлеуметтену (әлеуметтік дағдыларды дамыту, тұлғааралық қарым-қатынас)

Ø         Өзін-өзі тану (күшті және әлсіз жақтарды тану, отбасына тиесілі болу сезімі)

Ø         Сүйіспеншілік (махаббат, сүйіспеншілік, жақындық сезімдері)

Ø         Білім / жұмыс (мансапты таңдау, кәсіби этиканы меңгеру, үйде жұмыс істеу және т.б.)

Бірақ біз бірінші кезекке экономикалық функцияны жоғары қоямыз. Кез келген ұрпақ әке мен ана тәрбиесі қатар аңсайды. Бұл таңдау орны толмас қателікке бой алдырады. Қыз бала әкесінің текті қасиеттерін отбасы жылуымен қатар көргісі келеді. Ақтөбе қаласындағы білім беру ұйымдарының әкелеріне сауалнама алу барысында балаларына күніне екі сағаттан артық уақыт бөле алмайтын әкелеріміз 34 пайыз құрап отыр… Бала бос құты іспетті, оны негативпен немесе позитивпен толтыру өз қолыңызда, бірақ ертең қартайған шағында сол құтыдан дәм тататын өзіңіз ғана боласыз… «Ақша баладан маңызды емес»… дер кезінде ойланайық құрметті әкелер… 

            Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің «Қонаев ТВ» телестудиясының жастары «Ақша баладан маңызды емес» атты  түсірілімін ұсына отырып, Кузеевтер мен Абеновтер отбасыларына  алғыс білдіреді. Топ жетекшісі: Умирзаков Бакытбек Бауыржанович. Жауапты орынбасар: Тобылбаев Еркин Темиржанович.

https://youtu.be/KLXZn9xRibg