"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Кешегі шәкірт,бүгінгі мұғалім” атты жас мамандар онкүндігінің аясында  04.03.2023 ж. 

«Кешегі шәкірт,бүгінгі мұғалім” атты жас мамандар онкүндігінің аясында  04.03.2023 ж. 

1-2 бастауыш класс әдістемелік кафедрасының ұстаздары педагог-зерттеуші мұғалімдер Ералина Р.Т. Сагиндыкова А.С. Дәулетбай Б.Б. Умралина А.Т. Бибитова Н.Т ұйымдастыруымен коучинг өтті.Коучингке жас мамандарға қолдау көрсетуге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Шамгунова Б.С. Калдыбаева М.С. қатысты. Коучинг тақырыбы: “Диалогтік оқытуды оқу үдерісінде тиімді пайдалану арқылы сұрақ түрлерін, әңгіме түрлерін ажыратуға үйрету”

Мақсаты: “Жас мамандарға диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік беру.Коучинг психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында өткізілген тренингпен басталды. Диалог дегеніміз не? Сөзіне анықтама беріліп,миға шабуыл тапсырмалары орындалды.Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызы туралы айтылып талқыланды. Әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алды. Рөлдік ойындар, арқылы ойлан,жұптас әдістері көрсете отырып. жас мамандар белсене жұмыстанды. Бетперде терапиясы атты тренингпен кері байланыс алынып,жас мамандармен кең көлемінде жұмыс жасалды.