"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕТІСТІК

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2023 жылдың 24 сәуірінде өткен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша өткен олимпиадада Д.Қонаев атындағы мектеп оқушысы МЕНГЕЛЬ АРИНА жүлделі 2️⃣-орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Сырбаева Сағадат Маликовна.
Әр талантты оқушының жетістігі – білікті ұстаздың өлшеусіз еңбегі.
Маликовна, сіз білім бәйгесінде тағы бір дарынды оқушының шырағын жағып, жұлдызын жарқыраттыңыз! Тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденісіңіз тек мектебіміздің мәртебесі емес, Ақтөбе облысының абыройы мен беделін биіктетті.
Шығармашылығыңыз шыңдала берсін!  Талай шәкірттің жүйрік ойы мен ұшқыр қиялын қатайтуға,  сөз гауһарын зерделеуге бағыттайтыныңыз,жол сілтейтініңіз, бағдар беретініңіз қуантады.
Мектебіміздің қоржыны осындай салмақты жетістіктермен тола берсін!