"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Әдістемелік кеңес отырысы

2023 жылдың 29 тамыз күні Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 2023-2024 оқу жылындағы №1 әдістемелік кеңесі өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

1.         Әдістемелік кеңес құрамын анықтау, кеңес хатшысын сайлау;

2.         2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты талқылау;

3.         Әдістемелік кеңес отырысының жұмыс жоспарын бекіту;

4.         Әдістемелік кафедра ережесін қарау, талқылау;

5.         Мектепішілік бақылау ережесін талқылау, бекіту;

6.         1-4, 5-11 класс оқушыларының дәптерлерін тексеру ережесін талқылау, бекіту;

7.         Мұғалімдердің өзін-өзі дамыту жоспарларын талқылау, бекіту;

8.         Пән мұғалімдерінің жылдық және күнделікті сабақ жоспарларын жүргізу ерекшеліктерін талқылау, бекіту;

Әдістемелік кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, өзекті мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, кеңестің қаулысын қабылдады.