"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Көркем гимнастика

             Мектебімізде балаларға арналған түрлі спорттық секциялар жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі спорт түрлері бар. Қазіргі уақытта оқушыларымыздың арасында спортты дамыту қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта мектепте көркем гимнастика үйірмесі қыркүйек айынын бастап өз жұмысын бастап кеткен болатын. «Гимнастика» үйірмесіне оқушылар қалмай келеді. Үйірме жетекшісі, Тубирова Айгерим Ерболовна, өте білікті маман. Үйірме мүшелері топтық жұмыс барысында ынтымақтастық, өзара әрекеттестікті орната отырып нәтижеге жетуді көздейді. Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалды тұрғыдан дами түседі. Оқушыларда топтық жұмыстар кезінде достық және ұжымдық сезім қалыптасады.

            Үйірмеге бастауыш сынып оқушылары қатысып, өздерінің дене дайындықтарын шыңдай түсуде. Түрлі гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар мен комбинациялар орындап үйреніп келеді. Аладағы уақытта арнайы гимнастикалық өнер байқауларына да қатысу жоспарларында бар. Ендеше сәттілік тілейміз!

Мақала авторы Тубирова А.Е.