"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Хабарландыру

19.07.2023ж.

БІРЫҢҒАЙ МЕКТЕП ФОРМАСЫ – оқушыны тәртіпке шақыра отырып, әлеуметтік теңсіздік пен бәсекелестікті болдырмайтын, балалар мен жасөспірімдер арасындағы еліктегіштік пен фанатизмнің алдын алатын, ата-аналар үшін қолжетімді классикалық киім үлгісі.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!
2023-2024 оқу жылында @d.konaev_zhbbom aev_zhbbom -ның бекітілген (міндеттелген) осы күнге дейінгі бірыңғай мектеп формасы сақталып қала беретінін хабарлаймыз.
Сіздердің назарларыңызға ҚР бекітілген Заңнамасына сәйкес мектеп формасының үлгісі классикалық (іскерлік) стильде ұсынамыз:
1-8 кластарда білім алушылар үшін:
Ер балалар формасына қара түсті шалбар,ақ жейде, белгіленген үлгідегі қою жасыл түсті жилет пен галстук;
Қыздар үшін формаға белгіленген үлгідегі шотландка (қызыл сызықты) белдемшесі тізеден 5 см жоғары болмауы керек, белгіленген үлгідегі қою қызыл түсті жилет, ақ түсті блузка, 2 ақ түсті бантик.

9-11 класс оқушылары үшін:
Ер балалар формасына қара түсті костюм, шалбар, ақ жейде;
Қыздар үшін формаға ақ түсті блузка, классикалық үлгідегі қара белдемше тізеден 5 см жоғары болмауы керек, 2 ақ түсті бантик.

Назарларыңызға ұсынылған бірыңғай мектеп формасы 2017-2018 оқу жылынан бері мектебімізде міндетті түрде талап етіліп келеді.
Мектеп формасының осы үлгісі Қазақстанның барлық өңірлерінің орта білім беру ұйымдары арасында кең таралған.
Ата-аналар мектеп формасын сатып алу немесе тіктіру кәсіпорындарын өздері таңдайды!