"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«МЕКТЕПТЕГІ ЖОБА-XXІ ҒАСЫРДАҒЫ БАСҚАРУ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕТІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДИРЕКТОРДЫҢ ҒЫЛЫМИ –ӘДІСТЕМЕЛІК  ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ МИКРОТОП АЛАҢЫ

Биылғы 2023-2024 оқу жылында қалалық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес қала мектептерінің директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларын қала бойынша 8 микротопқа бөлген болатын. Әр микротопқа белгіленген тақырыптар бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіліп келеді.

2024 жылдың 11 сәуір күні 7-ші микротоптың семинары ұйымдастырылды. Микротоп мүшесі ретінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.Н.Ербозымова және С.Р.Сарина   өз тәжірибелерімен бөлісті. «Мектептегі жоба – ХХІ ғасырда басқару мен стратегиялық дамудың тетігі» тақырыбында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының кезекті микротоптағы тәжірибе алмасу алаңында “Жас мамандар мектебі: әдістеме және тәжірибе” тақырыбында өз жобаларын ұсынды. Жобаның мектеп ашылғалы өткен кезеңдері мен қазіргі күнгі жұмыс барысы таныстырылды. Тыңдаушылар тарапынан оң пікірге ие болып, жас мамандарымыздың ән шашуымен жақсы көңіл-күйде жұмыстың нүктесі қойылды. Жас мамандар мектебіндегі жұмыстар әлі де өз жалғасын таба бермек