“Бауырсақ Party” ✨

Алғыс айту күніне арналған “Бауырсақ Party” ✨

Алғыс айту күні – жүректен шыққан жылы сөз бен шынайы ризашылықтың мерекесі. Осы ерекше күнге орай мектебімізде ұлттық дәстүрді дәріптеген керемет “Бауырсақ Party ” ұйымдастырылды.

🍩 Дастарханымыз бауырсаққа толып, ұлттық тағамның иісі аңқып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

🤍 Ұстаздар мен оқушылар бір-біріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Бұл шара – татулық пен бірліктің, сыйластық пен ризашылықтың айқын көрінісі болды. Осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Жүректеріңіз мейірімге, дастархандарыңыз берекеге толы болсын! 🌸