“Бауырсақ Party” ✨
Алғыс айту күніне арналған “Бауырсақ Party” ✨
Алғыс айту күні – жүректен шыққан жылы сөз бен шынайы ризашылықтың мерекесі. Осы ерекше күнге орай мектебімізде ұлттық дәстүрді дәріптеген керемет «Бауырсақ Party » ұйымдастырылды.
🍩 Дастарханымыз бауырсаққа толып, ұлттық тағамның иісі аңқып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🤍 Ұстаздар мен оқушылар бір-біріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Бұл шара – татулық пен бірліктің, сыйластық пен ризашылықтың айқын көрінісі болды. Осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Жүректеріңіз мейірімге, дастархандарыңыз берекеге толы болсын! 🌸

Русский
Қазақша