“Шамшырақ” олимпиадасының мектепшілік кезеңі
2-сынып оқушыларының арасында “Шамшырақ” олимпиадасының мектепшілік кезеңі 5 мамыр күні өткізілді.
Аталған олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болды. Математика бойынша ойы жүйрік оқушылар берілген есептерді қызығушылықпен шығарып, тапсырмаларды мұқият әрі жауапкершілікпен орындады.Оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, жылдамдық пен тапқырлықтарын да байқатты.
Бұл олимпиада оқушыларға үлкен тәжірибе беріп, олардың білімге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, марапатталды. Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.
2 «А» класс оқушысы-Жалау Арнұр, жетекшісі- Нуркасова Ардак Еркингалиевна
2 «Н» класс оқушысы- Ергалиев Тимур, жеиекшісі- Шамекей Алия Куанышкалиевна




Қазақша
Русский